ТӨРАҒАЛАР ҮШІН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
Облыстық «Кәсіподақтар үйінің мәжілісі залында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жоспарына сәйкес салалық кәсіподақтың бастауыш ұйымдары жетекшілері үшін оқыту семинары өткізілді.
Онда бірлестік заңгері Юлия Айбосынова қатысушыларға «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері» бойынша жазатайым оқиғалар және олардың алдын алу, ал ондай жағдай туындай қалғанда қандай қадамдар жасау керектігі туралы жан-жақты түсіндірді. Заңгер жазатайым оқиғалар орын алғанда тексеру комиссиясын құру, олардың міндеттері туралы баяндады.
Семинар барысында қоғамдық бірлестіктің маманы Зәуреш Бекмұханбетова «Білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының іс-қағаздары мен кіріс-шығыс құжаттарын жүргізу тәртібін қарапайым тілмен жеткізді. Есепші Тамаша Курпешова «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қаржылық құжаттарын жүргізу» туралы ЛЭД экрандағы көрсетілімдер арқылы баяндады.
Семинарды ұйымдастырушылар бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары тарапынан қойылған көкейдегі түрлі сұрақтарға жауап берді.
Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі.