БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН БАСҚОСУ
Ағымдағы жылдың қаңтар айының екінші аптасында Ақтау қаласында Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті.
Қатысушылар: білім басқармасының мамандары, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ төрайымы Т.А.Баймбетова, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары, бөлім меңгерушілері.
Жиын қорытындысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы талқыланып, Заңсыздықтарға жол бермеу бағытында басшылар қатаң бақылауға алынсын деген шешім қабылданды.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы