АҚТАУЛЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы А. Мұқашева Ақтау қаласындағы №30 жалпы білім беру мектебінің ұжым қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге Салалық кәсіподақтың ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Е.Иманбаев пен құқықтық жұмыс, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы А.Бектабановтың қатысты.
Жиын жағымды жаңалықтан басталды. Биыл 2022-2023 оқу жылында 3524 білім алушы мен 257 педагог, 31 еңбек қызметкері қамтылған Ақтау қаласы білім бөлімі бойынша №30 жалпы білім беру мектебі білім ошағы болып ашылды. Белсенді, ұйымшыл, шығармашыл бастауыш кәсіподақ ұйымының қатарында 170 кәсіподақ мүшесі бар.
Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева ұжым қызметкерлеріне жыл басындағы алғашқы кездесу киелі Маңғыстау облысынан басталғаны және жаңадан ашылған мектеп ұжымы белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымы қатарында болуы-кәсіподаққа деген сенімділігі екенін жеткізе келе, жаңа жылмен құттықтап жылы лебізін білдірді және кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары мен жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша баяндап, бүгінде кәсіподақтың рөлі қандай екеніне нақты түсінік беріп өтті.
Жиын соңында кәсіподақ қозғалысының дамуына ықпал етіп жүрген белсенді кәсіподақ мүшелері «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сонымен қатар ұжым қызметкерлерінің басым көпшілігі жас буын екені, еліміздің ертеңі жас ұрпақты оқытудағы қызметтеріне шығармашылық табыс, қоғамда белсенді, Қазақстанымыздың парасатты, білімді, іскер де ұлт жанды жас азаматтарын тәрбиелеудегі ортақ міндеттерді жүзеге асыруда «Кәсіподақ - әрқашан сіздермен бірге»!, деп қорытындылады. «Кәсіподақ - күші бірлікте!» екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Ғ.Чохыев,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.