ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
ШҚО ұйымының құқықтық мәселелер және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы @Иван Соколов Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастырған қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен, облыстың колледждері мен мектептерінің директорларымен еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі кездесуіне қатысты.
Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісім, білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарының ерекшеліктері талқыланып, қызметкерлерге төленетін төлемдер, қосымша ақыға байланысты мәселелер қаралды.
Кәсіподақ пен әлеуметтік серіктестердің қатысуымен мұндай кездесулер болашақта да жоспарланады, өйткені білім беру ұйымдарында болатын көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.