ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
"Toraighyrov University" КЕАҚ республиканың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып табылады. Университет әлемдік білім беру кеңістігінің бірігу үрдісінде халықаралық танымалдыққа ие болып, Еуропалық білім беру үрдісінің толыққанды мүшесі. Бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфорд саммиті аясында "Еуропалық сапа"халықаралық марапатына ие болды.
2023 жылғы 18- қаңтардаректорат пен "Toraighyrov University" КЕАҚ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы арасында әлеуметтік әріптестік туралы Ұжымдық шартқа қол қою салтанаты өтті. Шарт жобасы ұжымда кеңінен талқыланып, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Университеттің әрбір қызметкері осы маңызды құжатқа өз ұсыныстарын енгізе алды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, "Кәсіптік одақтар туралы" заңының нормаларына негізделіп жүзеге асырады.
2019-2022 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар туралы есепте төраға қызметкерлерге әлеуметтік-құқықтық қорғау бойынша және олардың кәсіптік белсенділігін ынталандыру бойынша жұмыс түрінің мүлдем жаңа бағытын ұсынды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерін ынталандыруды қолдайтын бірқатар бағдарламалар белсенді іске асырылуда, осыған байланысты кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау түрлері кеңейтілді:
-12 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуге мүмкіндігі бар әйелдерге күнтізбелік 3 күнге дейін қосымша ақылы демалыс беру;
-жұмыс аптасы ішінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің спорттық-сауықтыру секцияларында жалақысын сақтай отырып, дене шынықтыру даярлығымен айналысуға, сонымен бірге «Сұңқар» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне тегін бару құқығы;
- еңбек және ұжымдық шарттарға немесе қызмет беру актісіне сәйкес мереке және демалыс күндері қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақылар мен үстемеақыларды ескере отырып, тиісті жалақыдан кемінде бір жарым мөлшерде ақы төлеу;
- санаторий-курорттық сауықтыруды ұсыну. 2019-2022 жылдар аралығында 139 адам 50% жеңілдікпен демалып, денсаулығын жақсартты, оның 70-ке жуығы 2022 жылы санаторий-курорттық аймақтарға жолдама алды;
- университет ректоры және кәсіби ұйым студенттердін, ПОҚ және «Toraighyrov University» КЕАҚ қызметкерлерінің денсаулығын жақсарту бойынша әлеуметтік бағдарламаны іске асыруда. Университет аумағында дәрігерлік амбулатория ашылды;
- кәсіподақ мүшелеріне емделуге, күрделілігі әр түрлі оталарға , көп балалы, мүгедек балалары бар көп балалы отбасыларға, жақын туыстарынан, айырылғандарға , жас отбасыларына, некеге тұрғандарға , тұңғыш баласы дүниеге келген отбасыларға , тыл еңбеккерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету ұсынылды. Тек 2022 жылы 3 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қол қойылған жақтар Ұжымдық шарт университет қызметкерлерінің мүддесіне және ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытуға, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіподақ қызметін ынталандыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
ҚБ құрамына енетін алғашқы кәсіподақ ұйымдарының арасындағы «Кәсіподақтардың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқау-конкурсының облыстық кезеңінде университет ұжымы Гран-при, ал республикалық деңгейде – 2 орынды иеленді. 650 мың теңге сомасында алынған ақшалай сыйлықақыны фитнес залында спорт құралдарын сатып алуға пайдаланды.
2020 жылғы 21 –қыркүйекте Кәсіподақ коворкинг-орталығы ашылды, ол жаңа кәсіподақ жобаларды әзірлеу және іске асыру алаңына, әлеуметтік серіктестердің талқылау және кездесу орнына айналды. Аталған орталықтың ашылу шарасында облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы сыйлық ретінде құны 600 мың теңгеден асатын кофемашинасын сыйлады.
Кәсіподақ белсенділері университет қызметкерлерін кәсіподаққа тарту бойынша қосымша шараларды жоспарлы түрде жүргізеді. Мәселен, егер 2019 жылы кәсіподақ есебінде жұмыс істейтіндердің жалпы санынан ЖОО қызметкерлерінің 39% - ы болса, қазіргі уақытта кәсіподақ саны 85% -. құрайды.
Университет пен кәсіподақ комитетінің тығыз ынтымақтастығы, тараптардың сындарлы диалогы арқасында бірнеше жылдар бойы университеттің кәсіподақ қатарын күшейіп, ұжымдағы микроклиматты жақсартуды, әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал етті..
Университет пен оның кәсіподақ комитетінің барлық қызметі Университет қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кәсіподақ жұмысының жетілдірілуінің жаңа моделін айқын көрсетеді.
Тағы бір маңызды оқиға «Toraighyrov University» КЕАҚ мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі болды. Оның негізгі мақсаты Тараптардың бірлескен қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды кеңейту болып табылады. Келісімнің басым бағыттары болып : университет қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, университет рейтингін арттыру құралы ретінде корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша кәсіподақ активіне жүйелі оқу жүргізу, қызметкерлер мен студенттердің кәсіподақ ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету және жәрдемдесу, оқытушылар мен студенттердің бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыруға қатысуы және т.б. болып табылады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаева кәсіподақ мүшелері – қызметкерлері үшін өзекті мәселелерді шешуде әлеуметтік әріптестіктің үлкен рөлін, сондай-ақ университет ректоры Еркін Тоқмұхамедұлы Садықова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жастілек Жұмабайұлы Уахитовтың нәтижелі бірлескен жұмысын атап өтті.
Кәсіподақ қозғалысының дамуы мен нығаюына, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан жеке үлесіүшін «Торайғыров университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы, ректоры Садин Тоқмұхамедұлы Садықов «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі