ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Елена Крупко «ШҚО Кәсіподақ Орталығы»аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысып, онда кәсіподақ бірлестіктерінің 2022 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылды.
ШҚО аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов өндірістік жарақаттануды азайту, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 2023 жылды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖЫЛЫ» деп жариялағанын хабарлады.
Отырысқа қатысушылар 2023 жылға арналған Кешенді іс-шаралар жоспарының жобасын, салалық кәсіподақтардың еңбек ұжымдарымен бірлескен көшпелі кездесулерін өткізуді талқылады.