КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫС!
Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Балалар өнер мектебіне сурет салуға арналған мольберт және кенеп (холст 50×60) сыйға берілді.
Мектебімізге сурет салуға өте қажет осындай заттарды сыйға берген облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Базарбайқызы Қасеноваға оқушылар мен ұстаздардың алғысы шексіз.
Оқушыларымыз облыстық, республикалық көрмелердің жүлдегерлері. Шәкірттеріміздің алды Д.Серікбаев атындағы техникалық университетінде архитектура факультетінде және Семей, Алматы қалаларының жоғарғы оқу орындарында грант иегерілері болып өз өнерлерін одан әрі шыңдауда.
Облыстық кәсіподақтан қолдау көріп жатқан Өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары өнерлерімен әлі де биіктен көрінетініне сеніміміз мол.
Ә,Шоқанов,
«Балалар өнер мектебі» КММ директоры.
ШҚО.