ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ
ШҚО жергілікті білім кәсіподағы онлайн-форматта еңбекші әйелдер істер жөніндегі Комиссияның отырысын өткізді.
Комиссия жергілікті кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының жұмысын жандандыру мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші орган болып табылады, өз жұмысында келесі бағыттарды камтиды: гендерлік теңдік, әйелдерді кәсіподақ қозғалысына кеңінен тарту, ана мен баланы, жұмыс істейтін әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек саласында зорлық-зомбылық пен қудалаудан қорғау.
Отырыс барысында әріптестік туралы облыстық Келісімге соңғы толықтыруға кіргізілген еңбек саласындағы әйелдердің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктер қаралды. Комиссия мүшелері 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, Комиссияның қызметі жөнінде ұсыныстар енгізді.