КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Иван Соколов Риддер колледжінің директоры Сұңқар Асқаровтың шақыруымен ұжыммен кездесті.
Кездесудің мақсаты -кәсіподақ ұйымы жоқ ұжымды 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің шарттарымен таныстыру.
Кездесу барысында өзекті сұрақтарға жауаптар берілді: медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, магистр дәрежесі бар колледж оқытушыларына қосымша ақы төлеу, дене шынықтыру оқытушыларына шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу. Кәсіподақ - бұл маңызды болып табылатын бірлескен демалыс қана емес, ең алдымен еңбек қатынастарын реттеу, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау және құқықтық қолдау жөніндегі жұмыс екені түсіндірілді.