АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мұхтар Ибраимов пен Басқарма төрағасы- ректор Дархан Біләлов екіжақты ұжымдық келісім-шартқа қол қойды.
Мақсаты - университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің кәсіподақ тарапынан көрсетілетін қолдауды одан әрі жалғастыру. Келсім-шарт 2023-2026 жылдарға, яғни үш жыл мерзімінде өз күшінде болады. Ұжымдық шарт Еңбек кодексін іске асыруға, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін шартты негізде реттеуге бағытталған.
Қызметкерлер кәсіподағы ұжымда талай жылдан бері университетте ұйымдастырылатын көптеген мәдени іс-шаралар мен спорттық жарыстарға, оқу орнында ұзақ жыл қызмет атқарған тұлғалардың айтулы мерейтойларына және профессор-оқытушылар құрамының бір реттік демалысына қаржылай көмек көрсету жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Келісімге сәйкес алдағы үш жылда университет ұжымына кәсіподақ тарапынан жасалып жатқан игі шаралар жалғасын тауып қана қоймай, ауқымы кеңейетін болады.