АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ПЕДАГОГ-ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы Ауған соғысына қатысқан педагогтар мен қызметкерлерге арнайы кездесу шарасын ұйымдастырды.
Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев ауған соғысынан аман – есен елге оралып, білім саласында қызмет етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүрген ардагерлерге алғыс білдіре отырып, кәсіподақ тарапынан құрмет грамотасымен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.
1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып, 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталған Ауған соғысы 9 жыл 10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы – қасірет әкелгені сөзсіз.
Кездесу барысында ауған ардагерлері естеліктерімен бөлісіп,соғыстан оралмаған жолдастарын еске алып, үнсіздік жариялады. Бұл шараның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналып отырғанына ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.
Ерліктің даңқын асқақтатып, өздерінің азаматтық түр тұлғасын танытып жүрген ардагерлер қай кезде де құрметке лайық. Батыр ағаларымыздың ерлігін ұмытпай, кейінгі ұрпаққа үлгі ету біз үшін парыз.
Батыс Қазақстан облыстық
кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-