ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық ұйымдарымен бірлескен «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу заңдылығымен таныстыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға облыстық кәсіподақ төрағасы Т.А.Баймбетова мен Ақтау қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы К.Енсегенова, қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының директорларының орынбасарлары, әдістемелік орталық мамандары қатысты.
Шара аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтарды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж. №533 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы енгізілген өзгерістердің бірі зейнеткерлік жасқа 4-жыл қалғанда, 30-жылдан астам еңбек өтілі бар мұғалімдердің ПББ тапсырудан босатылуы,сабаққа зерттеу жүргізу, оның ішінде (Lesson Study) лессон стади, (Action Research) экшн рисёрч әдісінің қолданысы алынып қалғандығы және ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагогтар «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысқан кезде ПББ тапсырудан босатылып, қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтетіндігі,ал егер«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын алған кезде жалпы негіздерде өтетіндігіне байланысты сұрақтарға талдаулар жүргізіліп, нақты түсініктер берілді.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараға оң бағаларын берді.
К.Енсегенова,
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы.
-
Фото
-