ДИРЕКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Өтеповтың бастамасымен білім беру мекемелерінің директорлары үшін еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша семинар өтті. «Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ құқықтық мәселелер менеңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау маманы
И. Соколов дәріс оқып, бір қатар мәселелерге тоқталды: қоса атқаратын жұмыс пен лауазымдарды қоса атқарудың айырмашылығы неде, еңбек шартын тоқтату мен бұзу арасындағы айырмашылық, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы Заңының ерекшеліктері және т.б.
Білім бөлімі мен кәсіподақ арасында жасалған бірыңғай ұжымдық шарттың нормалары бойынша білім беру қызметкерлерінің Глубокое аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы А. Мусина сөз сөйледі.
Диалог барысында басшылар өздерін толғандыратын сұрақтар қоюға, оларға толық жауаптар алуға, кәсіподақпен бірлесіп жұмыс істеудің одан әрі стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік алды.