КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
«Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру». Ақтөбеде кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына арналған семинар тақырыбы осылай аталды. Шараға «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Иманбаев Ернар Серікқалиұлы арнайы қатысты. Сондай-ақ, 12 аудандық, 2 қалалық және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, «Өрлеу» облыстық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, колледждер мен облыстық деңгейдегі мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды.
Жиында салалық білім кәсіподағының төрағасы Р. Серікова облыстағы кәсіподақ ұйымдарының жұмысы туралы айтты. Е.Иманбаев салалық кәсіподақтың құрылымымен, артқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып, ұйымдастыру жұмыстары, іс құжаттары, марапат түрлері, кәсіподақтың әлеуметтік желідегі жұмысының маңызы туралы айтты.
Жиын соңында қатысушылармен сұрақ-жауап кезеңіне кезек беріліп, кәсіподақ белсенділері қоғамдық ұйым жұмысы туралы өздерін толғандырған сұрақтарға лайықты жауап ала отырып, өзара тәжірибе алмасты. Мұндай іс-шаралар кәсіподақ жұмысын жандандыруға , өзара тәжірибе алмасуға септігі зор екені анық.
-
Фото
-