ӘЙЕЛ БҮГІН, ЕРТЕҢ ЖӘНЕ ӘРҚАШАН
«ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы»қоғамдық бірлестігі 8 наурыз мерекесі қарсаңында еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының «Әйел бүгін, ертең және әрқашан» дөңгелек үстел форматында кеңейтілген отырысын өткізді. Шараға комиссия мүшелерінен басқа, тікелей қызмет көрсететін бастауыш кәсіподақ ұйымдардың әйел-төрағалары және шақырылған спикерлер қатысты. Қазіргі әлемдегі әйел көшбасшылардың рөлі туралы әңгіме болды, кейбір мәселелер қозғалды, жақсы кеңестер берілді.
«Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Шаңырақ» татуластыру орталығының басшысы Елизавета Абдрахманова қатысушылардың алдында«Әйел-тәрбиеші, мұғалім, ұстаз, тәлімгер» тақырыбында сөз сөйледі. Ол педагог мамандығының күрделілігі туралы айтып, кәсіподақ ұйымының кәсіби күйіп қалу синдромының алдын алудағы рөлін атап өтті.
Глубокое аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Айгүл Мусина медиация еңбек дауларын шешу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кәсіподақ әр қашанда еңбек ұжымында жанжалды жағдайлардың болмауына ықпал етіп, қажет болған жағдайда оларды бейбіт жолмен шешуге көмектеседі.
Әрбір кәсіподақ көшбасшысы іскерлік және мінез-құлық, өзін-өзі дамыту және ұмтылыстардағы қызметкерлерге үлгі болып табылады, үнемі жетілдіріліп, өсіп отырады. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының әдістемелік секторының меңгерушісі Гүлбаршын Абылгазинова «Әйел көшбасшы-табысты әйел» тақырыбында сөз сөйлеп, көшбасшылық қасиеттер мен мінез – құлықты дамыту ерекшеліктерімен бөлісті.
Әрбір әйел бақытты болғысы келеді. Бұл бақыт қандай компоненттерден тұрады? Оны табу үшін қандай қадамдар жасау керек? «Бақыттың рецепті бар ма?!» - бұл тақырыпты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлфия Берекполова ашты.
Ашық диалог,жайлы орта, қызықты тренингтер мен жарқын музыкалық нөмірлер кездесудің мерекелік атмосферасын құрды.Жергілікті кәсіподақ ұйымы дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары үшін халықаралық әйелдер күніне арналған шағын сыйлықтар тарту етті.
ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы спикерлерге қызықты әрі пайдалы материал үшін, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы» КММ директоры мен ұжымына іс-шараны дайындауға көмектескені үшін үлкен алғысын білдіреді.
Барлық нәзік жандарды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұрын шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке - бірлік тілейміз!
-
Фото
-