САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУ
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары Елена Крупко 14 наурызда Астана қаласында өткен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысына қатысты.
Ол өңірлік Комиссияның жұмыс тәжірибесімен бөлісті, қосымша кепілдіктер беретін әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің шарттарына ерекше назар аудара отырып, жұмыскерлерді әлеуметтік және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қолдау мақсатында облыс кәсіподағы өткізетін іс-шаралар туралы айтты.
Отырыс соңында Елена Крупко Қазақстандық салалық кәсіподақтың еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссия жұмысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
-
Фото
-