МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САЛТ ДӘСТҮРЛЕР САЙЫСЫ
Наурыз мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысының білім беру басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Атамекен» бөбекжайында «Менің әжем-асыл әжем» атты әжелер сайысы өтті.
Сайысқа қатысқан бөбекжай әжелері: Б.Оразова, З.Әбенова, Ә. Ашықбаев,А.Ержанова, К.Шуренова, Г.Қалиева, Н.Айлашева, 4 кезең бойынша сынға түсті.
1-бөлімде «Таныстыру» кезені бойынша әжелер өздерін әнмен, көркем сөзбен таныстырды. «Үй тапсырмасы» кезеңінде әжелер халқымыздың құнды мұраларын әкеліп көрсетті.
Адам қиялының шексіздігін қолының ісмерлігі – ұсынақтылығымен көркем өнерге айналдырып,тұрмыстық қажеттілікке тұтынатын мүлік әзірлеу бабадан жалғасқан асыл өнер. Асыл өнерімізді дәріптеу мақсатында қарасаң көздің жауын алатын,тұтынсаң қажетіңді өтейтін бұйымдар құрақ көрпе, әдемі желбау, қоржын, өзгеде қазақи нақыштағы бүйымдарды таныстырды.
«Ұршық иіру» бөлімінде ақ жаулықты әжелер түйенің тазартылған жүнін тазартып, түтіп, сол түтілген жүнді ұршықпен иіріп мықты тоқыма жіп шығарды.
«Сұрақ жауап» бөлімінде әжелерге қазақтың ұмыт бола бастаған салт- дәстүрге байланысты сұрақтары берілді.
Жарыс қорытындысында Н. Айлашова бас жүлдеге ие болып, З. Әбенова – I орын, А. Ержанова II орын, Ә. Ашықбаева III орынмен марапатталды. Бұдан бөлек қатысушылар «Білгір әже» «Өнегелі әже» номинацияларымен де марапатталды.
Отбасындағы әже мен немере арасындағы қарым- қатынасты, әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы баланы кішіпейілділіке, қарт адамды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бөбекжайдағы әжелер сайысы өте жақсы деңгейде өтті.
М.Асанова,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Атамекен» бөбекжайының директоры