САЛА АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Жетісу облысында білім саласының дамуына үлес қосқан тұлғалар – Н. Жадыранов, Т.Әбдірешов, С.Әбдіқадыровты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өтті.
Шараға аудандық, қалалық филиалдардан жалпы 22 команда қатысты.
Білім саласының қызметкерлеріне арналған турнирде ҚР Гимні орындалып, Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы М. Төлепбергенов шараны ашты. Ол Н. Жадыранов, Т.Әбдірешов, С.Әбдіқадыртың облыстық кәсіподақтың төрағалары болғанын, олардың атқарған қызметтерін жоғары бағалап, жақын туыстарын шақырып, облыстық деңгейде волейболдан турнир ұйымдастырылғанын жеткізді. Барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сала ардагерлерінің жақын туыстары да кезекпен сөз алып, марқұмдардың естеліктерімен бөлісті.
Турнирдің бас төрешісі Беделхан Оңалбаев жарысқа қатысушыларды ережемен таныстырды.
Жарысқа қатысушылар жеребе арқылы қарсыластарын анықтап, спортшылар Талдықорған қаласындағы М. Ломоносов атындағы 5 орта мектеп - лицейі, Ш. Уалиханов атындағы 10 орта мектеп-гимназия, Барлыбек Сырттанұлы атындағы 25 орта мектептің спорт залдарына бөлініп, өзара бақтарын сынады.
Нәтижесінде ерлер арасында;
І орынды Панфилов ауданы,
ІІ орынды Талдықорған қаласы,
ІІІ орынды Көксу ауданы иеленді.
Ал әйелдер арасында:
І орынды Панфилов ауданы,
ІІ орынды Текелі қаласы,
ІІІ орынды Талдықорған қаласы еншіледі.
Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік шабылушы», «Үздік ардагер», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша бірқатар ұстаздар марапатталды.
Жеңімпаздарға облыстық кәсіподақ ұйымының атынан Диплом, кубок және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-