ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ
Шарбақты аудандық кәсіподақ ұйымынан «Біз қауіпсіз еңбек үшін» челленджін қабылдап, Екібастұздық қалалық кәсіподақ ұйымы 2023 жылдың 27 наурыз күні Екібастұз қаласының №24 мектеп-гимназиясында білім беру мекемелерінің қауіпсіздік техникасы бойынша кәсіподақ комитеттері мен техникалық инспекторларына арналған облыстық семинар өткізді, оған Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Наурызбаева Гүлбарам Әуезханқызы қатысты. Семинар тақырыбы «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша талаптар. Еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қалыптастыру».
Алғы сөзінде Гүлбарам Әуезханқызы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі жауапты қызметкерлердің оқытылуына деген талаптарды жоғарылатудың маңыздылығы мен көкейкестілігін атап өтті. Бұл шаралар өндірістік жарақаттанудың төмендеуіне әкеледі. Сондықтан мектептер, балабақшалар мен колледждердегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау сұрақтары білім беру мекемелерінің басшылары мен техникалық инспекторларының назарында болуы керек.
Гүлбарам Әуезханқызы білім беру мекемелері қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат ретінде Салалық келісімнің ерекше рөлін атап өтті. Келісімнің арқасында Екібастұз өңіріндегі төтенше жағдайлар кезінде педагог пен қызметкерлердің, әсіресе мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтарының құқықтары қорғалды. 1500-ден астам мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтарының жалақысы сақталды, мектептердің 3000-нан астам педагогы білім беру мекемелерінің онлайн жұмысы кезінде толыққанды төлемді алды.
Облыстық ұйымның көшбасшысының айтуынша, білім беру мекемелерінің Өндірістік кеңестерінің үздік жұмыс тәжірибесін қала және облыстық деңгейде таратып, облыстық сайыстарда техникалық инспекторлардың қатысуын белсендіру керек.
Екібастұз қаласының білім бөлімінің басшысы Лаура Аманқызы Дисюпова еңбек қатынастары, еңбекке ақы төлеу және нормалау, жұмыс уақыты мен демалыс, еңбекті және денсаулықты қорғау, кепілдіктер мен көтермелеулер бөлігінде Келісімнің орындалу жағдайы мен қамтамасыз етілуіне егжей-тегжейлі талдау жасады.
Әлеуметтік серіктес педагогтар мен кіші қызмет көрсетуші персоналға қосымша ақы төлеу толық көлемде қамтамасыз етілетініне сендірді. Өңірде жалақы берешегі, әлеуметтік төлемдерді есептеу, іс-сапар шығындары проблемалары болды, олар қазіргі уақытта әлеуметтік серіктестердің - білім бөлімі мен кәсіподақтың ортақ күш-жігерімен шешілді.
Лаура Аманқызы өз сөзінде арнайы киіммен қамтамасыз ету, от жағушылар мен кіші қызмет көрсетуші персонал үшін жағдай жасау сияқты проблемаларды да атап өтті.
Семинар барысында №21 мектептің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Мұрат Уаханұлы Әсембаев өз мектебінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. №22 мектеп-гимназиясында өндірістік кеңестің қызметін тиімді ұйымдастыру туралы кәсіподақ комитетінің төрағасы Дюсюпова Гүлмира Николаевна айтып берді. Бұл мектепте жұмыс орнында бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмеген, кәсіптік аурулар жоқ, ата-аналар қоғамымен ынтымақтастық бойынша белсенді жұмыс ұйымдастырылған, бұл мектеп басшылығы мен кәсіподақ комитетінің жемісті ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады.
Пленарлық бөлім диалог алаңымен аяқталды, онда еңбек дауларының туындауы, сынақ мерзімі және басқа да мәселелер талқыланды.
Екібастұз қаласының педагогикалық қоғамдастығы облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподағына төтенше жағдай кезінде педагогтар мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне көрсеткен қолдауы мен материалдық көмегі үшін алғысын білдірді.
Өткізілген семинар іс - шараның резонанс туғызды, өйткені еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтау-еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-