"KASIPODAQ KERUENI" ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗЕҢІ
Тереңкөл ауданының білім беру мекемелерінде "KASIPODAQ KERUENI" облыстық кәсіподақ жобасының кезекті кезеңі өтті. Облыстық көшпелі іс-шара бағдарламасы үш негізгі модульден тұрды: "Жас ұстаз – Жаңа кәсіподақ" жастар форумы; қоғамдық қабылдау жұмысы және Тереңкөл ауданы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен коучинг сессиясының жұмысын ұйымдастыру.
Іс – шараға Тереңкөл ауданының білім бөлімінің басшысы Ж.Қ. Билялова қатысты. Жайнат Қаликайдарқызы өңірдегі жастар саясатын іске асырудың маңыздылығын және әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытудағы маңызды бағыттарды атап өтті.
Пленарлық бөлімді "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы" ҚБ төрағасы Г.А.Науразбаева ашты. Гүлбарам Әуезханқызы өз сөзінде Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағын дамытудың "Жаңа Қазақстан – жаңа кәсіподақ" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоғамдық бірлестік қызметінің негізгі бағыттары, филиалдардың даму перспективалары мен жұмыс жүйесі туралы аудиторияның назарын аударды.
"Жас ұстаз – жаңа кәсіподақ" жастар форумы Тереңкөл ауылының Катшы Оспанова атындағы ЖОББМ КММ-де өтті. Креативті-менеджмент бес негізгі коучтен тұрды, олардың модераторлары Павлодар облысы мен Тереңкөл ауданының Жастар кеңесінің мүшелері болды.
Сонымен қатар, "Кәсіподақтың қоғамдық қабылдау бөлмесі" өз жұмысын жүргізді, оның модераторы ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Г.О. Жаркенова болды.
Мектептің акт залында Тереңкөл ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен коучинг – сессия өтті. Іс – шараның модераторы ҚБ оқу – әдістемелік және кадр жұмысы жөніндегі бас маманы А. Ф. Арынова болды. Жұмыс тәжірибесімен Тереңкөл ауданы Воскресенс және Байқоңыс ЖОББМ бастауыш ұйым төрағалары – З. Б. Абраева және М. Б. Сүлейменова бөлісті.
"Kasipodaq KERUENI" бағдарламасы соңында Тереңкөл ауданының білім беру мекемелерінің үздік қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Форумға қатысушылар бұл жоба ұжымдық бірлікті нығайтуға және кәсіподақ қызметіндегі инновациялардың негізгі мақсаттарына сәйкес келетіндігін атап өтіп, өз пікірлерімен бөлісті.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-