ЦИФРЛАНДЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
2023 жылдың 30 наурызында Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғарғы колледжінде Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі филиалдарының төрағаларымен цифрлық іс жүргізу және құжат айналымы жобасын жұмыста тиімді пайдалану бойынша оқыту семинары өтті. Семинар барысында әріптестер AlmexECM электрондық жүйесінде құжаттарды рәсімдеу бойынша практикалық дағдыларды бекітті. Семинарды «Avalon Service Astana» ЖШС директоры Нұрсейіт Абайұлы Тынбаев өткізді.
Айта кету керек, білім беру кәсіподағының жұмысында электрондық құжат айналымы жүйесіне көшу оны дамытудың жаңа кезеңі болып табылады. Электрондық құжат айналымы жобасы цифрлық құзыреттіліктің кешенді міндетін шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Осы жүйені қолданудың өзектілігі туралы айта отырып, бұл Қазақстан нарығындағы құжат айналымын автоматтандырудың ең инновациялық платформасы екенін атап өткен жөн.
AlmexBPM© бірегей визуалды редактор арқасында ұйымдағы кез-келген операциялық процестерді басқаруға мүмкіндік береді. Платформаның артықшылықтары: web – кіруді жүзеге асыру және бағдарламаны iOS және Android мобильді қосымшаларында пайдалану мүмкіндігі; OnlyOffice кіріктірілген online кеңсе редакторы бар; JasperReports есептерін құру модулі; құжаттарға қол қою модулін (ҚР ҰКО ЭЦҚ) пайдалану мүмкіндігі көзделеді.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-