КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы Тәрбия Байымбетова, Қарақия ауданы, Құрық ауылының «Құлыншақ» бала-бақшасының ұжымымен кездесті.
Кездесуде ұжымға еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілері, оның ішінде педагогтарды аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Сонымен бірге, кәсіподақ төрағасы ұжым басшысы Бөлтекова Гүлайым Тоқсанбайқызын Қарақия аудандық маслихат депутаттығына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ