ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ТАРТЫСТЫ ДОДА
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта өткен Көкпекті ауданы ұстаздары арасында өткен тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті.
Абай облысының Көкпекті ауданының білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесіп ұйымдастырған бұл іс- шараны Көкпекті ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы өз сөзімен ашып,жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта өткен тартысты бәсекеге қатысқан Абай атындағы мектеп- балабақша кешені, Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі, Амангелді орта мектебі, М.Әуезов атындағы орта мектебі, Биғаш негізгі мектебі, І.Жансүгіров атындағы орта мектебі, Көкпекті орта мектебі, Көкжайык орта мектебі, Преображенка орта мектебі, Үлкенбөкен орта мектебі, Ж.Шайжүнісов атындағы мектебі, Шәріптоғай негізгі мектебі мен Романовка негізгі мектебінің ұстаздары мен қызметкерлерінен құралған командалар бар шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша:
І орын қаржылай сыйлық пен Кубокты Көкжайық орта мектебі жеңіп алды,
ІІ орын Көкпекті орта мектебі,
ІІІ орын Абай атындағы мектеп- балабақша кешені иеленді.
Аталымдар бойынша «Үздік ойыншы» Дауренова Аружан Пушкин атындағы орта мектеп, «Үздік қорғаушы» Шаймарданова Балжан Шайжүнісов атындағы орта мектебі, «Үздік шабуылшы» Маутказинов Дулат І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ойыншылары аудан әкімінің алғыс хаттары мен 10 мың теңге қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Жарыс жоғары деңгейде өтті, алдағы уақытта осындай іс-шаралар әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының
Абай облысының кәсіподақ ұйымының Көкпекті аудандық филиалы
-
Фото
-