«ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІМ»
«Ризашылық мейірімділік бұлағы» мәдени-білім беру жобасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты республикалық балалар фестиваліне «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» тәрбиеленушілері қатысып,өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Адам алғыс айту арқылы үлкен-кішіге деген ризашылық, сыйластық ізгі тілегін білдіреді. Туған жерге, Отанымызға, досқа, бауырға деген балалық жүректің ризашылығын олар өз өнерлерін көрсету арқылы көпшіліктің ілтипатына ие болды.
«Жүрек жылуы» байқауында вокалистер номинациясы бойынша талантты қыздарымыз Ш.Есенов атындағы колледждің 1-курс студенті Нұрымова Анеляжәне № 21 орта мектептің 1-сынып оқушысы Танбаева Раяна –«Жарық жұлдыз» арнайы номинациясымен, сыйлықтармен марапатталса, «Ризамын халқыма»байқауында тәрбиеленушілер қатысуымен құрылған театр ұжымы «Мен бақытты болғым келеді»-қойылымын көрсетіп ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Балалар – біздің болашағымыз. Балапандарымызға әрқашанда биіктерден көріне беріңдердегім келеді.Олай болса жас ұрпақтың бойында имандылық, адамгершілік, ұлтжандылық пен мейірімділік қасиетін қалыптастыратын осындай игі іс-шаралардың көп болғанын қалаймын.
А.Аманова,
Маңғыстау облысы, «Отбасы үлгісіндегі» балалар ауылының Ана-тәрбиешісі.