САМАР АУДАНЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Самар ауданы Құлынжон ауылы «YBYRAI MEKTEBI» базасында «Бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі жұмыс бағыттары» атты көшпелі семинар өткізді. Семинарғабілім беру ұйымдарының басшылары және бастауыш білім беру ұйымының төрағалары қатысты.
Самар ауданының кәсіподақ ұйымы жақында ғана ШҚО жергілікті кәсіподақ ұйымының құрамына кірді, сондықтан кездесу басында төрағаның орынбасары Е.Крупко қатысушыларды соңғы үш жылдағы жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аудара отырып, жергілікті кәсіподақ қызметінің барлық бағыттарымен таныстырды.
Кәсіподақтың қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы рөлі және әлеуметтік әріптестік актілерінің маңыздылығы туралы құқық сұрақтары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бас маман И.Соколов айтып берді. Тақырып үлкен қызығушылық тудырды, әлеуметтік серіктестер мен төрағалар Ұжымдық шарттың нормаларын белсенді талқылап, сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Семинардың екінші бөлімінде бастауыш кәсіподақ төрағаларына жоспар құрып, кәсіподақ комитетінің жұмысын қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі жөнінде ұсыныстар берілді. Ұйымдастыру жұмысы бойынша маман А.Конакбаева «Кәсіподақ марапаттары» және «Кәсіподақтағы ақпараттық жұмыс» тақырыптарымен сөз сөйледі. Бас бухгалтер Р.Ибраева бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін қалай ұйымдастыру керектігін айтты.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерін қалдырды, онда қаралған тақырыптардың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп және бірлескен әрі қарайғы жұмыс бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін енгізді.
-
Фото
-