КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫН ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ
Кәсіподақ белсенділерін оқыту – кәсіподақ жұмысының сапасы мен жетістігінің кепілі. 10-11 сәуір күндері «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» аппаратының мүшелері іссапармен Құрманғазы және Исатай аудандарында болды. Облыстық салалық ұйымның төрағасы Қылышбай Сүндетұлы кездесуге келген бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілерінің алдында сөйлеп, кәсіподақ кадрларының біліктілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Ол биылғы жылдың 16 ақпанында Астанада өткен республикалық кәсіподақ көбасшыларының еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен болған кездесуде айтылған ұсыныс-тілектерді баяндады. Сондай-ақ, еңбек ақылары дұрыс төленбеген педагогтардың мәселесінің шешімі табылған фактілерді атап өтті. Талай жылдан жыр болған сауықтыру жәрдемақысының аудандарда бес айлық-есептік көрсеткішке көтерілді. Бірлестік төрағасы биылғы жылғы бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы есеп-беру сайлау жиналыстарының маңыздылығын, есепті кезеңде атқарылған шараларды,жұмсалған қаражаттың есебі ашық, әрі кәсіподақ мүшелеріне жариялы түрде жеткізілуі қажеттігін тілге тиек етті.
«Ұйым көшбасшылығына ұсынылған үміткерлердің ұйымдастырушылық қабілетіне, біліктілігіне, алғырлығына, жұмыс берушімен арадағы алтын көпір болуға лайықты жандарды таңдау да кәсіподақтың ұжымдағы рөлі мен беделін көтерге ықпал ететін факторлар» деп атап көрсетті Қылышбай Сүндетұлы.
Кәсіподақ жетекшілерінің алдында шыққан облыстық ұйымның заңгері Юлия Айбосынова «Келісу комиссияларының қызметін ұйымдастыру туралы» тақырыбында жасаған баяндамасын слайд арқылы түсіндірді. Ол 2023 жылғы 15 ақпандағы ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 199-VII ҚРЗ Заңы мен ҚР Еңбек Кодексіне, соның ішінде 159-160 баптарына, яғни Келісу комиссиясының жұмысы туралы нормаларына өзгерістер енгізілгендігіне тоқталды. Заңгер еңбек дауларының туындауы мен оны шешудің жолындағы Келісу комиссиясының рөлін атап өтті.
Кездесуде салалық ұйымның бас маманы Зауреш Бекмұхамбетова «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп берулер мен сайлауларды өткізу» тақырыбында баяндама жасады.
Бастауыш ұйым төрағалары тарапынан көтерілген мәселелер мен сауалдарға мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды.
Аудандарда өткен актив оқуларының соңында бір топ кәсіподақ белсендісіне республикалық және облыстық ұйымдардың марапаттары салтанатты түрде табыс етілді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ
-
Фото
-