БІЗ ӨЗ ЖҰМЫСЫМЫЗДЫ ҚАУІПСІЗ ЕТЕМІЗ!
Баянауыл ауданының З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы жарияланған «Қауіпсіз Еңбек» жылы аясында білім беру ұйымдарындарының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары және техникалық инспекторларға арналған «Біз өз жұмысымызды қауіпсіз етеміз» атты облыстық семинар өткізілді.
Мақсаты: қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау,еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Семинарға Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Әуэзханқызы Науразбаева қатысып , білім беру мекемелерінің еңбек , әлеуметтік -экономикалық құқықтарының, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау басты назарда екендігін атап өтті.
Сонымен қатар облыстық ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Гүлшат Оралқызы Жаркенова қатысты. .
Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері Махаббат Сәдуақасова еңбек ақы төлеу және нормалау , жұмыс уақытымен демалыс , педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарына барған кездегі іссапар төлемдерінің дұрыс төленуі,кіші қызмекткерлердің медициналық тексеруден тегін өтуі, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік көмектер берілетіндігі айтылды.
З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебіінң басшысы Дүйсен Төлеутаев еңбек адамының денсаулығын сақтау және қорғау барысында қауіпсіздік шараларының сақталуын,медицианалық тексеруден тегін өтетіні, бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етілгені, іс сапар да болған ұстаздардың төлемақылары, еңбек ақының уақытылы берілуін қадағалауда ұстайтынын атап өтті.
М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің техникаық инспекторы Төлеген Сүйінбеков өз ұжымында қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасалғанын айтты.
Техникалық инспекторлардың атқарылып жатқан жұмыстары туралы бейнероликтар көрсетілді.
«Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек?» тақырыбына аудандық ауруханасының кардилог маманы Ерлан Әшірбеков алғашқы медициналық көмекті тәжрибе жүзінде көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді.
З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің медбикесі Зүбайра Сембек алғашқы медициналық көмек - бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар , алғашқы медициналық көмек түрлерімен таныстырды.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-