ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ БАСҚОСТЫ
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің қаулысы бойынша 2023 жыл – «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына орай, «Білім беру мекемелеріндегі Өндірістік кеңестің жұмысын жетілдіру» тақырыбында кәсіподақ мүшелігіндегі қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру орталықтарының кәсіподақ төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің ашылуында Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының төрағасы Төлеген Темешев, білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оның сақталуы және қоғамдық негіздегі еңбек қауіпсіздігінің техникалық инспекторларының қызметіне тоқталды.
Бұл шараға арнайы шақырумен БҚО еңбек инспекциясы басқармасының, Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Асылан Лұқпанов және БҚО Кәсіподақтар Орталығының заң мәселелері және медиация бойынша бас маманы Алишер Сәрсенбаев, БҚО кәсіподақ ұйымының бас маманы Марина Темірғалиева, бас маман – заңгер Гүлжанат Құрмангазиевалар қатысып, еңбек заңдылығының талаптары бойынша кәсіподақ ұйымдарындағы Өндірістік кеңестің құрылуы және оған жауапты мамандар мен техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыру мәселелері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, бас маман Марина Темірғалиева кәсіподақ ұйымдарында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары туралы және кейбір еңбек қатынастарында облыстық еңбек инспекциясымен бірлесіп атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында кәсіподақ белсенділері жұмыс уақыты және қосымша атқарылған жұмыстар үшін еңбекақы төлеу, сауықтыру жәрдемақылары туралы сұрақтарына жауаптарын алды.
БҚО кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-