ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ЖҰМЫС ОРТАСЫ – ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДА
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында 2023 жылдың 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы аудандық, қалалық ұйымдарының төрағалары мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін ұйымдастырған семинар өтті.
Семинар барысында «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ еңбек қатынастары бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы Берік Төлеубай, ШҚО жергілікті кәсіподағының құқықтық мәселелер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау маманы Иван Соколов сөз сөйледі. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдегі еңбекті қорғау, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі тағы басқа мәселелер қаралды.
Жұмыс тәжірибесімен «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» 2022 жылғы өткен республикалық байқауының жеңімпазы Марина Ташимова, Ұлан ауданының «Украин орта мектеп-балабақша кешені» КММ директоры және 2023 жылы 3 орын иегері Роман Говтва, Глубокое ауданының «Уварова орта мектебі» КММ мұғалімі бөлісті.
Семинар «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» облыстық байқауының жүлдегерлерін және білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін техникалық инспекторларды марапаттаумен аяқталды.
-
Фото
-