АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
27 сәуір күні Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарындағы техникалық инспекторларға арнап «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Онлайн семинардың басында Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттарының бірі білім беру саласындағы ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылатынын атап өтті.
Кәсіподақтың құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Токбалина Динара Калеловна еңбек саласындағы техникалық инспекторлардың рөлі туралы баяндады.
Семинар барысында еңбек қауіпсіздігін қадағалауда кәсіподақтың қызметі туралы нақты мысалдар талқыланды. Сонымен қатар, жұмыс барысында орын алған жазатайым оқиғалардың статистикасы көрсетілді. Техникалық инспекторлар мен жұмысшылардың өздері жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысу қажеттілігі туралы айтылды.
-
Фото
-