САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТ ЖАРЫСЫНДА
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына орай Алматы облысында волейболдан жарыс өтті. Аталған жарысты Еңбекшіқазақ ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектебі ұйымдастырды. Ерлер арасында өткен жарыста Алматы облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Берикболов Қайрат Ельмарұлы, «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Құлмуханұлы Төлепбергенов, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі әдіскері Ақберген Асем Мұқашқызы арнайы қатысты. Сала қызметкерлерін қамтыған волейбол ойынында әр команда өзара жолдастық кездесу өткізіп, мықтыларды анықтады.
Турнирге Халықаралық Қонаев қорының кеңесшісі Жанботаев Даулет және қамқоршылық кеңес мүшесі Бек Сраилов қолдау танытты. Жарыстың қорытындысында І орынды Еңбекшіқазақ ауданы, ІІ орынды Райымбек ауданы, ІІІ орынды Іле ауданы иеленді. Жеңімпаздарға Алматы облысы білім басқармасы басшысының кубогі, медалі, мадақтамалары мен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің "Жетісу" жергілікті кәсіподағының қаржылай сыйлықтары табысталды.