ӘРІПТЕСТЕРГЕ – «АЛҒЫС ХАТ»
Бүгін – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Дәстүрлі мерекеге орай «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы Атырау облысы мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасында болды. Кездесуді басқарма басшысы Игілік Әубәкіров қысқаша сөз сөйлеп ашып, мереке күнімен ұжым мүшелерін қызу құттықтады.
Өз кезегінде облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы кәсіподақ мүшелерінің заңды еңбек құқығын қорғауда, тиісті еңбек ақыларын уақтылы әрі толық алуда және еңбек қауіпсіздігін сақтауда басқарма қызметкерлерінің елеулі еңбектерін нақты мысалдармен атап өтті. Жауапкершілігі жоғары мемлекеттік қызметте белсенді еңбек үлгісін танытып жүрген Атырау обысы мемлекеттік инспекция басқарма басшысының орынбасары Думан Абеуов пен басқарманың еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік инспектор Жаңыл Ермекқалиеваны қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі