FLACH - СЕМИНАР
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ базасында «Павлодар облысы ұйымдарындағы ақпараттық технологиялар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» атты Flach – семинар өткізді.
Flach – семинарды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г. Наурызбаева кіріспе сөзбен ашты. Ол облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – білім және ғылым саласындағы ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруы, жұмыс берушілердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауы, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылықты төмендету болып табылатынын атап өтті.
Семинарға «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы А.Мұқашева onli-ne режимде қатысып, салалық Кәсіподақтың жұмысы және Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ) туралы толық ақпарат берді.
А.Мұқашева семинарға қатысушылардың назарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне, сондай-ақ біздің күнделікті өмірімізде кездесетін күрделі жан-жақты өзекті мәселелерін шешу жолына тоқталды. Ол Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының білім беруді басқару органдарымен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен, прокуратурамен және басқа да мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара бірлескен жұмысына жоғары баға берді. Спикер облыста жыл сайын білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылатынын атап өтті. Ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына міндетті түрде сайланбалы кәсіподақ органдарының өкілдері, техникалық еңбек инспекторлары, білім беруді басқару органдарының мамандары қатысады. Комиссия санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын, еңбекті қорғау мәселелері бойынша құжаттаманың болуын тексереді. Мұндай тәжірибе оң нәтиже береді, себебі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға бағытталған іс-шаралар жүзеге асады, жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау мәселелеріне жұмыс берушілердің көзқарасы жақсарады.
Flach – семинар форматы қатысушыларға өзекті жаңа ақпараттың ауқымды көлемін тез, ыңғайлы, үнемді қабылдай алуға және өз жұмысымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ семинар спикері, қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г.Джаркенова өз сөзінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары туралы өндірістік кеңес мүшелері мен кәсіподақ белсенділерін оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Г.Джаркенова оқытуда инновациялық формаларын қолданатындығын, атап өтсек геймификацияны қолдану (іскерлік ойындар, Білгірлер конкурстары, пікірсайыс форматындағы интеллектуалды-пікірталас кездесулері), «KASIPODAQ KERUEN» жобасы аясында "Бетпе-бет" қоғамдық қабылдау бөлмелері сияқты оқытудың инновациялық түрлері туралы айтты. Сонымен қатар «Kasipodaq Digital» атты мобильді қосымша бар. Бұл электрондық-цифрлық платформаны әріптестер жұмыста белсенді пайдаланатын ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді: Нормативтік-құқықтық база, оқыту нысандары, роликтер, сұрақ-жауаптар. Бұл мобильді қосымшада еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және техникалық инспекторлар үшін сұрақ-жауаптар орналастырылған қойындылар бар.
«Павлодар қаласының №49 санаторлық сәбилер бақшасы» КМҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Н.Әбілова және «Сосновка жалпы орта білім беру мектебі» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Н.Белова Қауіпсіз еңбек кепілі – әлеуметтік серіктестердің міндеті және өндірістік кеңестің жұмысы ретінде қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын құру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың соңында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ бастамасымен 2023 жылғы 14 ақпан мен 14 наурыз аралығында өткен "Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор-2023" облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.
Конкурстың негізгі мақсаты: жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің «Кәсіптік одақтар туралы» заңының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, еңбекті қорғау басқармасының Салалық жүйесінің талаптарына сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларына қызметкерлердің заңды құқығы мен мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік сырқаттанушылықты төмендету, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру.
Байқау қорытындысы бойынша Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторлар марапатталды. Гран-при – «Павлодар қаласының №49 санаторлық сәбилер бақшасы» КМҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы – Н.Әбілова; 1-орын – «Павлодар қаласының №24 сәбилер бақшасы» КМҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы – С.Буданбаева; 2-орын «Қараоба жалпы орта білім беру мектеб» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы – М.Қайыргелдинов; 3-орын Шарбақты ауданы «Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы – Д.Жомартова ие болды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары облыстық кәсіподақ ұйымынан ақшалай сыйлықтарымен, дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Халықаралық еңбекті қорғау күні қарсаңында "Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төс белгісімен Шарбақты ауданы «Гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы – Лось Марина Николаевна және Луганск жалпы орта білім беру» КММ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы – Оразова Жанна Сәлімқызы марапатталды.
Салалық кәсіподақтың, Павлодар облысының аймақтық кәсіподағының, Білім және ғылым қызметкерлерінің Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен және қоғамдық бірлестіктің Алғыс хаттарымен еңбекті қорғау жөніндегі үздік 35 техникалық инспектор, өндірістік кеңес мүшелері, білім беру мекеме басшылары, мектеп мұғалімдері, сондай-ақ білім беру саласындағы басқа да санаттағы өкілдер марапатталды.
Біз Еңбекті қорғау күніне, Қауіпсіз еңбек жылына арналған іс-шаралар жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарының еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларына бағдар болатынына сенімдіміз.
Павлодар облыстық ұйымы баспасөз қызметі