АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 78 жыл толды. Жеңіс күніне орай Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы облыстағы ҰОС ардагерлерін Огнев Николай Иванович пен Қаңтарбай Сәрсенбайды мерекемен құттықтады.
Дәстүрге айналған шара Көксу ауданынан бастап алды. Облыстық кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары Болат Тұрысбеков, Көксу ауданы білім бөлімінің басшысы Қуат Кузбаев, Көксу аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Дина Нүсіпова ұрпағы үшін майданға аттанып, елі мен жерін қорғаған Николай Огневтың жағдайымен танысты. Кәсіподақ белсенділері ерлігі үшін алғыстарын айтып, жылы лебізін білдірді.
Шара Талдықорған қаласының тұрғыны Қаңтарбай Сәрсенбайды құттықтаумен жалғасты. Ардагер соғыс жылдарын есіне алып, Бауыржан Момышұлымен майдандас болғанын айтып, Шығыс Пруссияны, Прибалтика, Польша жерлерін жаудан азат етуге қатысқанын жеткізді. Қиын-қыстау заманды есіне алып, туған жеріне оралғанда да еңбектен қол үзбей, білім беру саласында жұмыс істеп, шәкірт тәрбиелеу ісімен айналысқанын айтты. Кәсіподақ өкілдеріне алғысын білдіріп, батасын берді.
ҰОС ардагерлеріне облыстық ұйымның атынан құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлері
«Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-