ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Әлеуметтік іс-шараларының аясында 2 аптаға созылған «Worldskills Aktau 2023» VIII кәсіптік шеберліктің өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты өтті.
Чемпионаттың жабылуына Маңғыстау білім басқармасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, маслихат депутаттары, Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрайымы, колледж басшылары қатысты.
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева және Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Баймбетова өз шеберлігін және кәсіби дайындығын жоғары деңгейде көрсеткен жеңімпаздарды құттықтап, маусым айында Астана қаласында 20-28 маусым күндері өтетін өтетін республикалық чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
73 құзыреттілік бойынша өткен шараға облысымыздың колледждерінен 338 студент, сондай-ақ бөбекжай тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары қатысты.
Байқауға қатысушылардың жұмысын 400-ден астам сарапшы бағалады.
Жеңімпаздар 77 «Алтын медаль», 36 «Күміс медаль», 34 «Қола медаль», сондайақ 69 «Үздік маман» алқасымен және Маңғыстау облысының білім басқармасының дипломымен марапатталды.
Чемпионаттың өтуіне алаң ұсынған әлеуметтік серіктес мекемелерді "WorldSkills Aktau" чемпионатын дамытуға зор үлесін қосқаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Чемпионатқа қатысушыларды дайындаған ұстаздарға, қолдау көрсеткен ата-аналар мен серіктес мекемелерге алғыс білдірілді!
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-