«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР»
Мұнайлы ауданының №15 жалпы білім беретін мектебінде ауданның білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін ер азаматтарды Отан қорғушылар күнімен құттықтау, еңбектерін бағалау, марапаттау мақсатында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты аудандық салтанатты шара өтті.
Шара барысында 31 ер мұғалімге білім бөлімінің Алғысы, аудандағы тұрақты және көпжылдық еңбегі үшін 7 мұғалімге «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Мұнайлы аудандық филиалынан Шипажайға жолдама, 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай аудандық деңгейде мамыр айының 2-4 аралығында ер мұғалімдер арасында өткен байқау мен сайыстардың жүлделі орын жеңімпаздарына білім бөлімінің Дипломдары мен аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табысталды.
Мұнайлы аудандық филиалы, Маңғыстау облысы.
-
Фото
-