«ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ЖҰМЫС ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БАСТЫ ҚАҒИДА»
«2023 жыл – Қауіпсіздік еңбек жылы» аясында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі филиалдар арасында өткізілген облыстық плакат байқауы мен бейнекөрініс байқауын қорытындылады.
Негізгі мақсат, облыстағы білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігіне қызметкерлердің қызығушылығын арттыру, өндірістік жарақаттануды төмендету мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың орын алуына жол бермеу.
Байқау 2 кезеңнен ұйымдастырылып, 1-ші кезең жұмыстары филиалдар арасында өткізіліп сараланды. 2-ші кезең облыстық «Қауіпсіз және жайлы жұмыс орта қалыптастыру - еңбек саласындағы басты қағида» атты плакат байқауында 4 жұмыс қарастырылды. Байқау жеңімпаздары І орын иегері «Еңбек қауіпсіздігі бәрінен жоғары» тақырыбында Ақтау қаласы, №28 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Р.Жанбыршиева, II орын иегері «Мектептегі қауіпсіздік» тақырыбында Мұнайлы ауданы, «Оқу-әдістемелік орталығы» әдіскері Б.Зулькарнаева, ІІІ орын иегері «Қауіпсіз еңбек» тақырыбында Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі А.Кульчыкова мен Алғыс хат марапатын Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Х.Демеуова иеленді.
«Үздік бейне-материал» байқауының жеңімпаздары І орын иегері Қарақия ауданы, «Болашақ» бөбекжайының шаруашылық меңгерушісі А.Кокимбаева, II орын иегері Ақтау қаласы, «Түймедақ» бөбекжайының тәрбиешісі , ІІІ орын иегері «Қауіпсіз еңбек» тақырыбында Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі А.Кульчыкова мен Алғыс хат марапатын Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Х. Демеуова иеленді.
Жеңімпаздар облыстық кәсіподақ атынан диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Осылайша еңбек қауіпсіздігіне арналған байқау тәмамдалды. Қатысушылар өз ризашылығын білдіріп, осындай байқаулар жалғасын таба берсін деген тілектерін білдірді.
Салалық кәсіподақтың Қарақия аудандық филиалы, Маңғыстау облысы.
-
Фото
-