«КӘСІПОДАҚ – ЖАСТАР ТЫНЫСЫ»
Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы Жастар кеңесінің «Кәсіподақ – жастар тынысы» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: кәсіподақ жанындағы Жастар кеңесі туралы Ережеге сәйкес кәсіподақ органдарының қызметін үйлестіру. Негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.
Атаулы шараға, Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев, Жоғары аграрлы-техникалық колледж директоры Али Масалимов, бас маман – ұйымдастырушы Марина Темиргалиева, Жастар кеңесінің төрайымы Жанна Жанибекова және білім саласының облыстық Жастар кеңесінің мүшелері, кәсіподақтың аудандық комитет – филиалдарының Жастар кеңесінің төрағалары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес облыстық Жастар кеңесінің төрайымы Жанна Жанибекова биылғы жылдың алғашқы бас қосуында Жастар кеңесі мүшелерінің алға қойған жоспарларымен таныстырып, төраға Марат Даупаевқа және Жоғары аграрлы-техникалық колледж директоры Али Масалимов пен бас маман – ұйымдастырушы Марина Темиргалиеваға алғы сөз берді.
Дөңгелек үстел тақырыбы аясында Жастар кеңесінің Бәйтерек аудандық комитет – филиалы Жастар кеңесінің төрайымы, Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жұмысы бойынша әдіскері Данагуль Равхатова, Бөрлі аудандық комитет – филиалы Жастар кеңесінің төрайымы, Ақсай қаласының №6 мектеп лицейі мұғалімі Гульбаршын Курмангалиева, Казталов аудандық комитет – филиалы Жастар кеңесінің төрайымы, Казталов балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Асемгул Жумабаева, Ақжайық аудандық комитет – филиалы Жастар Кеңесінің төрағасы, М.Әуезов атындағы ЖОББМ география пәнінің мұғалімі Қуандық Сәменов баяндама жасап, аудандардағы Жастар кеңесінің жұмысы туралы ақпарат берді.
Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде «Жастарды кәсіподақ қатарына тарту», «Жас мамандарға кәсіподақ тарапынан қамқорлық таныту», «Жастарға кәсіподақ қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілер арқылы таныстыру», «Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау», «Жас мамандармен іс- шаралар өткізу», «Ұлттық ойындарды қолдау, дамыту», «Жастар кеңесінің төрағаларына куәліктер беру», «Жастар арасында интелектуалды ойындар ұйымдастыру», «Белсенді жастарға шипажайға жолдама беру» туралы мәселелері көтеріліп, Жастар Кеңесінің төрағалары өзара пікіралмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Шараның қорытындысында, төраға Марат Даупаев Қазақстан Республикасы кәсіподақ ұйымдары жастар саясатын күшейту мен жандандыруды қолға алу мақсатында облыстық кәсіподақ тарапынан әр ауданға 2 жолдамадан бөлінетіндігі туралы мәлімдеп, Жастар көңесінің төрағаларына естелік сыйлық ретінде блокноттар мен қаламдар табысталды.
-
Фото
-