КӘСІПОДАҚ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Солтүстік Қазақстан білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен филиалдар есепшілеріне арналған семинар өтті.
Семинарды ашқан облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Аюпов Б.Е., кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ семинарға қатысушыларға ұжымдық шарт нормаларын білім беру ұйымдарында тәжірибеде қолдану туралы айтылды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Мырзағазинова Г.А. әріптестерін, Өнеркәсіптік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған семинарға сапарының қорытындысымен таныстырды. Және есепшіліер жұмысына жаңадан еңгізілген өзгертулер туралы мәлімдеп, түсініктемелер берді. Сонымен қатар облыстық кәсіподағының бас есепшісі, филиалдық әріптестеріне, күнделікті жұмыстың сапасын жоғарлату және дәстүрлі есептерді уақытында беру қажеттілігі туралы айтты.
Семинар жұмысы барысында есепші әріптестер өз тәжрибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Жалпы семинар сұрақ - жауап түрінде өтті
Осы іс- шараға қатысқандар, семинарда алыған мәліметтің маңыздылығын баайқап өтті және ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.