«ӘР БАЛА – ДАРА ЖҰЛДЫЗ»
Ақтау қаласы, №19 мектеп-гимназия базасында, мектеп директоры Мадина Мұратбайқызының бастауымен "Әр бала - дара жұлдыз" атты әлеуметтік жобаның ашылу салтанатты жиыны өтті.
Әлеуметтік жоба 2022-2023 қыркүйек айынан бастап, № 19 мектеп-гимназия базасында сынақтан өтіп, өңделді, жоба нәтижесінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жеткен жетістіктері баяндалып, әлеуметтік жоба көпшілікке таныстырылды.
Әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды әлеуметтендіру, қызығушылықтарын оятып, танымдық қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арттыру, оқушы бойында мета-дағдылар мен мета-құзыреттерді, икемді дағдыларды, жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың қабілетін ашуға бағытталған "Әр тұлға-дара жұлдыз" атты жобаның іске асуына демеушілік жасаған № 19 мектеп гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы және жеке кәсіпкер Тасимова Шынар Сырымқызы.
Әр атаулы мерекелерде ерекше балаларға кәсіподақ ұйымы тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.
Бүгінгі жобаның жүзеге асырылуына қолдау көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, ұстаздар ерекше алғысын білдірді! Ең бастысы, балалар қуанышы, шаттығында шек жоқ!
Ә.Нұржанова,
№19 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы.