АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев № 71 мектеп-лицей ұжымымен кездесті.
Кездесуге қатысушыларды Астана қаласының Білімбасқармасымен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісіммен таныстырды және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Батыр Алиев Ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек туралы хабардар етті.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.