ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес “Ұжымдық шартты жасау және өзгерту тәртібі. Ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындаудағы жауапкершілік” тақырыбында семинар өтті.
Шараға аймақтағы кәсіптік-техникалық колледждер, облыстық мамандандырылған мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің кәсіподақ көшбасшылары қатысты.
Жиында салалық білім кәсіподағының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалуы туралы жан-жақты ақпарат берді. Жүктемеге байланысты еңбекақы, үстемеақы, жәрдемақы төлеудің ережелерін түсіндіріп, жұмысшы мен жұмыс берушінің міндеттеріне толығырақ тоқталды. Осы тақырып төңірегінде түскен сұрақтарға толымды жауап берді.
Жалпы ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, мазмұны мен құрылымы, қолданылу мерзімі және тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен айқындалған.Еңбек ұжымдарының басты құжаты тараптардың құқықтары мен міндеттерінің ара-жігін ажырату үшін жасалады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ұйымдастыру жұмысының негізгі бағыттары туралы облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов түсіндірме жұмысын жүргізді. Жаңадан сайланған кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін ұйымдастыру жұмыстарының негізгі бағыттары таныстырылды. Кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсету, шипажайларда сауықтыру, марапатқа ұсынудың тәртібу түсіндірілді. Қатысушыларға іс- қағаздарды толтырудың үлгілері көрсетіліп, әдістемелік көмек берілді. Бастауыш кәсіподақ төрағалары тарапынан ұйымдастыру жұмыстары, іс қағаздарын жүргізу және еңбек заңдылықтары бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында жауап берілді.
-
Фото
-