«Еңбек даулары, олардың пайда болу себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» Construct – семинары
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ -ның ішкі құрамына кіретін білім беру ұйымдарының келісім комиссиясының мүшелері үшін «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК негізінде Construct-семинары өтті.
Construct-семинарды Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Науразбаева ашты. Ол өз сөзінде кәсіподақ ұйымдарында құрылған келісу комиссияларының мүшелері жыл сайын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек даулары бойынша ортақ келісімге келу үшін оқудан өтуге міндетті екендігін атап өтті.
Таза бәсекелестік және жанжалсыз орта - табысты менеджмент кепілі. Әрине, пікір қарама-қайшылығы болуы сөзсіз. Сондықтан да міндетті түрде кәсіподақ комитетінің қатысуымен кез келген келіссөздер жүргізу, күрделі мәселелерді, дауларды келіссөз үстелінде шешу ең ұтымды және тиімді болып табылады. Кәсіподақ мүшелерінен құрылған келісім комиссиялары жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ келісімге келуіне өлшеусіз көмек көрсетеді.
Construct-семинар барысында төрағаның орынбасары, Павлодар облысы кәсіподақтары аумақтық бірлестігінің «Татуласу орталығы» келісім орталығының жетекшісі, кәсіби медиатор Марина Иванова өзара іс-қимыл органы білім беру жүйесінде қалай жұмыс істейтіні және келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі қандай екендігі туралы түсіндірді.
Өтініш беруші келісу комиссиясында еңбек дауы шешілмеген және комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, ол сотқа жүгінуге құқылы.
Еңбек дауларын сотта қарау кезінде белгілі бір нюанстар мен ерекшеліктер де туындауы мүмкін. Олар туралы семинарға қатысушыларға Павлодар қалалық сотының судьясы Ажар Баймұхамбетова айтып берді.
Construct-семинарға қатысушылар баяндамашы келтірген мысалдарды пайдалана отырып, қолданыстағы іс-әрекеттер арқылы мүмкін болатын шешімдерден заңға сәйкес келетін мәселені тиімді, оңтайлы шешудің моделін қалай құру керектігін анықтады.
Семинардың практикалық бөлімі топтық жұмыс жасаумен жалғасты, онда келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі, еңбек дауларын шешуде медиацияның қолданылуы мен рөлі, кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы мәселелер талқыланды. Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын, еңбек дауларының себептерін және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал туғызудағы, кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайтудағы кәсіподақ ұйымдарының рөлін қорғау туралы жан-жақты айтылды.
Семинар соңында келісім комиссия мүшелеріне заң негізінде сотқа жеткізбей еңбек дауларын реттеуге құқықтық негіз беретін арнайы сертификат табысталды.
Construct-семинарға жұмыс беруші және жұмыскерлерден 100 тарта адам қатысты.
Қатысушылар пікірі бойынша бұл семинар бүгінгі күні талабына сай қажетті шара болып табылады.
Павлодар облыстық ұйымы баспасөз қызметі