АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
2023 жылғы 23 мамырда ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы атқару комитетінің кеңейтілген отырысын өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Білім беру ұйымдарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі аудандық, қалалық комитеттердің жұмыстары туралы.
-2023 жылдың жазғы кезеңінде кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының сауығуы мен демалысын ұйымдастыру туралы.
- 2023-2024 жылдары кәсіподақ ұйымдарында есепті-сайланбалы науқанын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
Отырыс барысында негізгі мәселелерден басқа аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарырейтингінің аралық қорытындылары талқыланды, төрағалардың жұмысындағы оң сәттер атап өтілді, жұмыс көрсеткіштерін жақсарту үшін одан әрі міндеттер белгіленді.
Қорытындылай келе, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман И. Соколов қатысушыларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі соңғы өзгерістермен таныстырды.
-
Фото
-