ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Ақжайық ЖОББ мектебінде жас ұстаздардың білім беру саласындағы үздік жұмыстарын, белсенділігін, бірлескен жұмыс нәтижелерін насихаттау мақсатында БҚО Теректі аудандық кәсіподақ комитет – Филиалы жанындағы Жастар кеңесінің «Кәсіподақ – жастар тынысы» тақырыбындағы жиыны өткізілді.
Жиынға Батыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маман – ұйымдастырушысы Марина Темірғалиева, бас маман – заңгер Гүлжанат Құрманғазиева, Теректі аудандық кәсіподақ комитет – Филиалының төрайымы Ұлдай Сәрсенова және Теректі балалар музыка мектебінің директоры Азамат Қалиев пен білім ордаларының жас мамандары қатысты.
Шараның алғы сөзін Ақжайық ЖОББМ директоры Шолпан Кәкіжанова бастап, жастар кеңесінің төрағасы Үміткер Орынғалиев жастар кеңесінде атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспар жобасымен таныстырып, бекітуге ұсынды. Облыстық кәсіподақ аппаратының мамандары кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары мен Жастар кеңесінің мақсат – міндеттері туралы ақпарат берді.
Отырыс жас ұстаздар арасында «QUIZIZZ» интеллектуалды ойынымен жалғасты. 2022 – 2023 оқу жылында жетістікке жетіп, белсенділік танытқан жас ұстаздар Теректі аудандық кәсіподақ комитет – Филиалының грамотасымен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Жас ұстаздар мектеп музейін тамашалап, естелік суретке түсті.
-
Фото
-