БІЛІКТІ МАМАН – МЕМЛЕКЕТ ТҰТҚАСЫ
Кеше Сыр өңіріндегі Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж базасында «Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістердің күшею жағдайын жаңғырту» тақырыбында облыстық семинар өтті. Дуалды оқыту жүйесін дамыту, колледждерді қамқорлыққа алған кәсіпорындармен жұмысты жаңғырту, колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы жайын зерделеуді мақсат еткен семинар жұмысы кәсіптік білім берудегі мәселелер мен жетістіктерді ашып көрсетті.
Айта, кетелік Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі уақыт талабына сай, еңбек нарығында сұранысқа ие маман даярлап келе жатқан, жаңа құралдармен жабдықталған іргелі оқу орындарының бірі. Өндіріс саласына қажет маман даярлауды мақсат еткен оқу орынын бітірген түлектер түгел жұмыспен қамытылып келеді. Бұл орайда дуалды оқыту жүйесінің ықпалы зор екенін айта кеткен жөн.
Бүгінде Қазалы ауданындағы «Қамқор Локоматив» ЖШС «Қазалы локоматив жөндеу зауытында» аға буынның ізін басқан жас толқындар легі осы колледж түлектері екенін мақтанышпен айтуға болады. Аталған мекеме колледжбен серіктестік байланыс орнатып, қажетті маман даярлауға және оны жұмыспен қамтуға қамқорлық жасап келеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл оқу орны дуалды оқыту жүйесін тиімді пайдалануда өзгелерге үлгі.
Семинар барысында колледж студенттері өздері білім алып жатқан оқу орнының техникалық базасын, білім беру жайын үш тілде таныстырып, білімділіктерін көрсетті. Семинарға қатысқан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Жәнібекұлы дуалды оқыту жүйесін дамыту жайын талқылады. Колледжбен әріптестік орнатқан өндірістік мекемеден келген тәжірибелі мамандар теория мен практика ұштасқанда білікті маман даярлауға мүмкіндік мол екенін тілге тиек етті. Семинарға қатысушылар шара барысында Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев мұражайына арнайы барды.
-
Фото
-