МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Ақтөбеде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық спартакиаданың облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.
Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған спорттық додаға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Спартакиаданың мақсаты: колледж педагогтері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және мұғалімдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамыту.
Байрақты бәсеке қаламыздағы жеті колледждің спорт алыңында жоғары деңгейде өтті. Спорттың 5 түрінен, атап айтқанда, волейбол (ерлер/әйелдер), баскетбол( ерлер/ әйелдер), үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футзалдан өткен жарысқа 400-ге жуық педагог қатысып, өзара сынға түсті.
Жалпы командалық есеп бойынша спартакиада нәтижесі:
I орын – Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі;
ІI орын – Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі;
ІІІ орын – Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.
Спартакиада қорытындысы бойынша «Облыстық құрама командаларына» 2023 жылдың 1-7 маусым күндері Абай облысы, Семей қаласында өтетін жарыстың Республикалық кезеңіне жолдама берілді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға кәсіподақ есебінен қаржылай қолдау көрсетілді.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-