ЖЕТІСУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі жылдық жұмыс жоспарына сәйкес кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында өткен алқалы жиында Кербұлақ, Қаратал аудандық филиалдарында іс қағаздарын жүргізу бойынша Нұсқаулықты орындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс жағдайы, облыстық кәсіподақ ұйымына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу, бөлу және жарғылық, қаржылық міндеттемелер туралы Ережесін орындау, Текелі қалалық филиалында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы заңнаманың қадағалануына қоғамдық бақылау сынды мәселелер қаралды.
Жиынды облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізді. Отырысқа қатысушыларды түгендеп, күн тәртібін таныстырды.
Жиынның алғашқы мәселесі бойынша облыстық ұйымның бас маманы Маржан Жұмабек қоғамдық бірлестікте іс қағаздардың жүргізілу реті, көрсетілген нұсқаулықты сақтау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы мағлұмат беріп, Қаратал, Кербұлақ аудандық филиалдардың жұмысына тоқталды. Қос филиалдың қаржылық-шаруашылық жұмысы туралы облыстық ұйымның бас есепшісі Айгүл Арымбаева толықтырып, «1С Бухгалтерия» бағдарламасының тиімді тұстарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарыс сөзге жазылған Берік Абақов пен Жақан Дуанаевта филиал жұмысына жүргізілген бақылаудың нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктер түзетілгенін айтты. Өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.
Жиында қаралған екінші мәселе бойынша облыстық ұйымның бас есепшісі Айгүл Арымбаева бастауыш кәсіподақ ұйымынан жарнаның түсуі, ұйымға қайтарылатын соммасы жайында ақпарат берді. Кәсіподақ мүшелерінен түсетін жарнаның жұмсалуына назар аударып, қажетті қаржыға жиналатын құжаттардың ретін нақтылады.
Текелі қалалық филиалдың төрағасы Асан Тұрсынғалиев үшінші мәселеге қатысты өзінің баяндамасын жасады. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын көпшілікке таныстырды. Еңбек адамының қауіпсіздік шараларына баса мән берілгенін айтты. Өткен шараларды тізбектеп, алдағы жұмыс жоспарын таныстырды.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық
бірлестігінің баспасөз қызметі
-
Фото
-