«ТУҒАН ЖЕР 2023» ТУРИСТІК СЛЕТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
2 - 4 маусым аралығында Білім беру жүйесінің қызметкерлері арасында денсаулық спартакиадасы шеңберінде «Туған жер 2023» туристік слет өтті.
Сайысқа елорданың білім беру ұйымдарының Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлер қатысты.
Мұндай шараның басты мақсаты – білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау; мұғалімдердің дене шынықтыру дайындығы деңгейін көтеру; педагогикалық қызметкерлер арасында қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу.
Шараға қатысушылар бас қаланың сыртында орналасқан демалыс орнына орналастырылды. Туристік слеттің алғашқы күнінен-ақ қатысушылар туристік кросс жорық (арқан жол, су өткелі, тораптар), туристік эстафета, конкурстық бағдарлама, тағамдар сайысы, плакаттар сайысы, шатыр құру сайысы, көркемөнерпаздар сайысы, арқан тартыс, әзіл эстафетасы бойынша сайысқа түсті.
Уақытты тиімді әрі қызықты өткізу үшін қатысушыларға арнайы бағдарлама бекітілді. Одан бөлек табиғат аясында шатырлар тігіліп, олар 3 күн бойы белсенді демалды, жаңа ортамен таныс болды.
Туристік слеттің марапаттау рәсіміне Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Нурлан Тяженов және Балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығының директоры Мэлс Абенов қатысты.
Батыр Әлиев қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, белсенді қатысушыларға алғысын білдірді.
Қатысушылардың айтуларынша бастысы жеңіс емес, одан да маңыздысы осындай шаралардан қалыспай, командалық рух пен ұйымшылдықты қалыптастыру.
Жарыс қорытындысына сәйкес I орынды № 65 мектеп-гиназия, II орынды № 22 мектеп-гимназиясы, III орынды № 43 мектеп иеленді.
Жеңімпаздар кубоктар, грамоталар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.