ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСКЕ – МАРАПАТ
Бүгінде білім беру мекемелеріндегі қызметкерлердің мүддесін қорғауда, оларды тұрақты еңбек ақыларымен қамтамасыз етуде, ұжымдарда ауызбіршілікке бағытталған жақсы психологиялық климатты қалыптастыруда, кәсіподақ мүшелерінің еңбек етулеріне қолайлы жағдайды ұйымдастыруда білім беру мекемелері жетекшілерінің еңбегі зор. Солардың қатарында Исатай ауданы білім басқармасының басшысы Гүлайна Құрманғалиеваның есімін құрметпен атауға болады.
Гүлайна Махмудақызы жасақталған екі жақты әлеуметтік әріптестіктің келісімдерінің жүзеге асуына үлес қосып, кәсіподақ мүшелеріне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Ауданға келген жас мамандарға тиесілі көтермелеу шараларына белсене араласады.
1988 жылы Гурьев педагогикалық институтын (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы университеті) бітіргеннен соң Исатай ауданындағы Абай атындағы орта мектепте мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Бірнеше рет облыстық және республикалық салалық кәсіподақ ұйымдарының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бүгін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы Орталық Комитеттің төрағасы Айгүл Мұқашеваның атынан білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы – жастарға тәрбие мен сапалы білім беру берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін Гүлайна Құрманғалиеваға табыс етті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, баспасөз қызметі